Ерітілген газ режимі  

Ерітілген газ режимі

Мұнай кенішін дренаждаған кезде мұнайдан үздіксіз газдың бөлінуі және осы газдың бос күйіне көшуі болса, осы арқылы газмұнайлы қоспа көлемінің өсуі және осы қоспаның ұңғы түптеріне фильтрациясы болған жағдайда бұл ерітілген газ режимі деп аталады. Бұл режим кезінде қабат энергиясының көзі ретінде газмұнайлы қоспаның серпімділігі болып табылады.

Ерітілген газ режимінің болу шарттары:

- қабат қысымы қанықтыру қысымынан төмен болуы;

- нұсқа сырты суының болмауы немесе белсенсіз нұсқа сырты суының болуы;

- газды шапканың болмауы;

- геологиялық кеніш жабық түрде болуы.

Бұл жағдайларда қабат энергиясы қабаттың мұнайқанықтырылған бөлігінің барлық көлемінде біртекті таралған. Бұл режимде ұңғылардың біртекті орналасу принципін қолдану дұрыс.

Ерітілген газ режимі қабат қысымының тез төмендеуімен және газды фактордың өсуімен сипатталады. Осы газды фактор игерудің белгілі бір сатысында өзінің максимумына жетіп, кен орнының толық дегазациясынан және жалпы қордың азаюынан төмендей бастайды. Бұл режимде мұнайбергіштік коэффициентінің ең төмен мәндері байқалады, сирек жағдайларда ол 0,25 дейін жетеді. Кенішке жасанды әсер етусіз бұл режим төмен эффективті деп саналады. Бірақ игерудің бастапқы периодтарында ұңғылар қысқа уақыт аралығында қатты фонтандайды.

Ерітілген газ режимі кезінде дренаждаған кезде жасанды әсер ету болмаса, ұңғы өнімінде су болмайды.

Гравитациялық режим

Мұнай кеніштерін дренаждаудың гравитациялық режимі деп сұйықтың ұңғы түптеріне фильтрациясы бос бет болған кездегі режимді айтады. Бос бет дегеніміз бұл қысым барлық нүктелерде тұрақты болып қалатын фильтрацияның динамикалық жағдайларында тұрақталатын газмұнайлы түйісу немесе фильтрлейтін сұйықтың беті. Бұл режимді арынсыз да деп атайды. Гравитациялық режим кез-келген кеніш игеруінің соңғы сатысында ерітілген газ режимінің табиғи жалғасы ретінде пайда болу мүмкін. Гравитациялық режим кезіндегі дренаждаудың жақсы мысалы ретінде алдын-ала суланған құмның конустық үйірінің периметрі бойынша судың фильтрациясы болып табылады. Гравитациялық режим кезінде мұнайды жинау үшін және сорапты батыру үшін ұңғыларда тереңдетілген түп болады.



Егер бұл типті ұңғының құбыраралық кеңістігінде атмосфералық қысым болса, онда бұл қысым қабаттың мұнайқанықтырушы және газқанықтырушы бөліктерін бөлетін бос беттің барлығында тұрақталады, ал сұйықтың фильтрациясы тек қана ұңғы қабырғасындағы және қабаттың алыс жатқан бөлігіндегі сұйықтардың деңгейлерінің айырымы арқылы жүреді. Ұңғының құбыраралық кеңістігінде артық қысым болған жағдайда да сұйықтың фильтрациясы сұйықтардың деңгейлерінің айырымы арқылы жүреді, өйткені бұл қысым бос беттің барлығында тұрақталады.

Гравитациялық режим мұнайды шахталық әдіспен өңдеген кезде өте пайдалы.

Көлденең қабаттарда оның эффективтілігі өте төмен. Ұңғылар өте төмен бірақ тұрақты дебиттермен сипатталады. Бірақ та тік құлайтын қабаттарда гравитациялық режимнің эффективтілігі өседі. Бұл режимнің мұнай өндіру процесстерінде практикалық мәні жоқ ол тек қана мұнай кеніштерін игерген кезде олардың ішінде болатын процесстерді түсіну үшін арналған.



Нег.: 1. (23-41)

Бақылау сұрақтары:

1. Жасанды факторларға не жатады?

2. Табиғи факторларға не жатады?

3. Ерітілген газ режимінің болу шарттары?

4. Ортаның көлемдік серпімділік коэффициенті қалай аңықталады?

5. Қабат жүйесінің келтірілген көлемдік серпімділік коэффициенті дегеніміз не?

Дәріс 2.Мұнай кенішіне әсер етудің техникасы және технологиясы. Әсер етудің әдістері және мақсаттары (нысаналары).

Мұнай кенішіне әсер етудің мақсаты бұл қабат қысымын жоғарлату және соңғы мұнайбергіштікті жоғарлату. Соңғы мұнайбергіштікті жоғарлату үшін әсер ету әдістерінің түрлері әр түрлі болу мүмкін, және олар қорлары азайған игерудің соңғы сатысындағы кен орындарында жиі қолданылады. Сонымен бірге қабат қысымы бастапқы мөлшерде немесе одан да көп болу мүмкін. Көп жағдайда әсер етудің негізгі екі мақсаты болады, яғни қабат қысымын ұстаужәне соңғы мұнайбергіштік коэффициентін жоғарлату.

Мұнай кеніштеріне әсер ету әдістерін қолдану масштабтары өте үлкен. Мұнайдың 85% қабаттардан әсер ету әдістері арқылы өңделеді. Олардың ішіндегі ең негізгісі қабатқа суды айдау арқылы қабат қысымын ұстау (ҚҚҰ).

Қабатқа әсер етудің келесі негізгі әдістері бар:

1. Қабат қысымын қабатқа суды айдау арқылы ұстау, оған жататындар:

- нұсқа сыртымен (законтурная) су айдау

- нұсқа қасындағы аймақпен (приконтурная) су айдау

- нұсқа ішімен (внутриконтурная) су айдау.

Нұсқаның ішімен су айдау келесі түрлерге бөлінеді:

- кенішті айдаушы ұңғылардың сызықтық немесе шеңберлік қатарларымен айыру;

- су айдаудың блокті жүйесі;

- ошақтық су айдау;

- таңдамалы су айдау;

- аудандық су айдау.

2. Қысымды газ айдау арқылы ұстау:

- Ауаны айдау

- Құрғақ газды айдау

- Байытылған газды айдауы

- Газды шектік параметрлерге жақын жағдайларда айдау

3. Жылулық әсер ету әдістері:

- Қабатқа ыстық суды айдау

- Қыздырылған буды айдау

- Қабатта қозғалмалы жану фронтын жасау

- Қабаттың түп алдындағы аймағын жылулық өңдеу

Жоғарыдағы айтылған әдістерден құралатын аралас әдістер де болады. Мысалыға: қабатқа әр түрлі еріткіштік заттарды айдап, оларды құрғақ газбен немесе сумен бастыру; көмірқышқыл газ; карбондалған суды айдап оны жәй сумен бастыру; арнайы газгенераторларда айдау кезіндегі қысымда мұнайды жағу арқылы алынатын газгенераторлы газдар; қабат мұнайымен араласатын және агентпен (су) ығыстырылатын жиек түріндегі мицелярля ерітінділер.

Осы әдістердің негізгі мақсаты қабат қысымын ұстау емес, мұнайбергіштік коэффициентті жоғарлату болып табылады. Сонымен бірге жарым-жартылай қабат қысымы да ұсталынып тұрады.

Зерттеулер көрсеткендей айдау кезіндегі еріткіштердің көлемі айдау және алу сызықтары арасында орналасқан қабаттың 5-тен 15%-ке дейін құрау керек.

Газды қабатқа айдау үшін қабат қысымдарынан жоғары қысымдарды өңдей алатын өте қуатты компрессорлы қондырғылар қажет, бұл өңделген мұнайдың бірлігіне жұмсалған энергияның үлкен меншікті шығындарына әкеледі.


4756317607965972.html
4756347311112579.html
    PR.RU™